ОРАЛ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысына Елбасы Жолдауын насихаттау үшін келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Камал Бұрханов пен Рысқали Аманжан облыс активімен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен төрағалық етті.
«Біздің мақсат - Жолдаудағы көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіту, - деді облысқа сапарларының басты мақсатымен таныстырған Камал Бұрханов. Ол биылғы Жолдау мемлекеттің экономикалық өсіп-өркендеуі, даму деңгейі әрбір қазақстандық жанұяның тұрмысына әсер етуін көздейтінін атап өтті. «Жастардың 63 пайызы жоғары білімді. Ал жұмысшы мамандар жетіспей жатыр. Мұның бәрі айналып келгенде тәрбиеге байланысты. Ал тәрбие турасында мемлекеттік деңгейде үлкен жұмыстар атқарылғалы тұр», - деді жастар арасындағы жұмыссыздық, баспана мәселесіне тоқталған халық қалаулысы.
Жиын соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының мәні мен маңызын түсіндіру, көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандарға шығатын ақпараттық-насихат тобының құрамы таныстырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).