ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасов пен Ерсұлтан Бектұрғанов Орал қаласындағы іргелі кәсіпорындардың бірі - «Зенит» зауытында болды.
Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновпен бірге келген депутаттар зауыт жұмысшыларымен кездесуде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының басым бағыттары жөнінде әңгімелеп, елде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Негізінен кеме жасаумен айналысатын «Зенит» зауытының жұмысшылары Елбасы қолдауы арқасында толағай табыстарға жетіп отырғандарын айтып, алдағы уақытта да Жолдауды жүзеге асыруға үлес қосатындықтарын білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).