Мәжіліс депутаттары сарбаздармен кездесті

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан - 2050» стратегиясын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысына келген Мәжіліс депутаттары Жанат Жарасов пен Ерсұлтан Бектұрғанов 11 қаңтар күні №2029 әскери бөлімнің сарбаз-сардарларымен кездесті.

Онда депутаттар Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде әңгіме қозғап, Қазақстанның әлемдегі тез дамушы мемлекеттер қатарына қосылып отырғанын атап өтті. Шекара жасағы жауынгерлерімен жүздесуде ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету де сөз болмай қалған жоқ. Бұл ретте еліміз көршілес мемлекеттермен өз шекарасын бекітіп алды, тиісті келісімдер жасалды. Сондай-ақ кездесуде энергетикалық тәуелсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, демография, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері де айтылды.