деп хабарлады Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі.
Іссапар барысында мәжілісмендер орталық аурухана жұмысымен танысып, дәрігерлер ұжымымен кездесу өткізді. Онда депутаттар Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер және алға қойған міндеттер туралы хабардар етіп, 2050 жылға жоспарланып отырған стратегиямен таныстырды. Жолдаудың ел дамуындағы маңыздылығын жан-жақты жеткізді.
Келесі кездесу «Агроазық-түлік нанмен жабдықтау» ЖШС, «Бурный ірімшік зауытында» болып, жұмысшылармен және «Г.Орджиникидзе» мектеп гимназиясында жергілікті тұрғындармен кездесу жиындарын өткізді. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар қайтарды, кездесуге қатысушылар тарапы Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын жеткізіп жатты.
Мәжіліс депутаттарының Жамбыл облысындағы жұмыс жоспары жалғасуда.