Сондай-ақ, депутат Ж.Дүйсебаев сол күні аудан орталығы Шортандыда аудандық мәслихат депутаттарымен және сайлаушылармен жүздесті. Оның барысында Елбасы Жолдауындағы жергілікті өзін-өзі басқару мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайындағы ойларымен бөлісті.
16:56, 10 Қаңтар 2013
Мәжіліс депутаты Ақмола облысындағы жұртшылықпен жүздесіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарын жұртшылыққа түсіндіру және насихаттау барысында аймақтарға іссапарға аттанған болатын. Аталған мақсатпен бүгін Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Научный ауылында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесу өткізді.