Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Облыс тұрғындарының түрлi тақырыптағы арыз-шағымдарына партия атынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелерiнiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Мәжіліс депутаты барлық мәселелерді зейін қойып тыңдап, мәселелерді жете талқылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты - Ұласбек Сәдібековтің қатысуымен өткен аталмыш қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінен сот шешімімен келіспеу, пәтер мәселесі, материалдық көмек көрсету, билік өкілдері қызметкерлеріне шағым айту секілді барлығы 8 өтініш қабылданып, құқықтық көмектер көрсетілді. Өтініштердің басым бөлігі жедел шешілді, бірнешеуі заңгерлердің кеңесімен депутаттық сұраныс арқылы жауабын таппақ, қалған сұрақтар аудандық атқарушы биліктің өкілдеріне нақты тапсырылып, оң шешімін табуына атсалысуы жүктелді. Мәселелердің шешімін табу, оның орындалуын қадағалау жұмыстары толығымен Жамбыл облыстық қоғамдық қабылдау бөліміне тапсырылды.