«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында бірқатар азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз қаласындағы №2 мектепке барып, ұстаздар қауымымен жүздесті. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан депутатқа халықты тұрғын-үймен қатмасыз ету, қаладағы бала-бақша, мұғалімдердің еңбекақысы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы, білім саласына, қаланың және ауданның басқа да әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты сұрақтар қойылды. Депутат сұрақтарға жауап бере келіп, еліміздің әдеуметтік-экономикалық жағдайы туралы, Мемлекет басшысының бастамалары жайлы айтып берді.
Аягөз қаласында халықпен болған кездесуде аудан әкімі Н.Әзімбаев қатысып, ұстаздар қауымы көтерген бірқатар сұрақтарға жауап берді.