Осы жарыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының командасы бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кету керек, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастарған бұл жарыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа Қазақстан - жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бұқаралық спортты дамыту мақсатында өтті.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда өткен тартысты турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне жарыс кубогы мен диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.