Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» өкімге қол қойды

АНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №1 өкіміне қол қойды, деп хабарлады бүгін ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 14 қаңтарда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.МҰХАМЕДЖАНОВ.

Астана, 6 қаңтар, 2011 жыл. №1