Аталған мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтынша, заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленді.
«Сонда-ақ жауапты хатшы иститутын тарату жөнінде нақты тапсырма берілді. Жауапты жатшы институты таратылған кезде олардың міндеттері министрліктердің аппарат басшыларына жүктеледі. Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін арттыру болып саналады. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты.