«Мәжіліс бюросы «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚКХП саяси партияларының парламенттік фракциясын тіркеді. Бюро отырысында палата вице-спикерлері Гүлмира Ісімбаева мен Владимир Божко арасындағы міндеттерді бөлу мәселесі қаралды», - делінген Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар осы қаулымен Мәжіліс аппаратының басшысы болып Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары болған Жүгінісов Жасұлан Есенғалиұлы тағайындалды.