Мәжіліс депутаттары алдында аталған мәселе бойынша Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасайды деп күтіледі. Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде Бас прокурор орынбасары А.Кравченко, денсаулық сақтау вице-министрі Е.Байжүнісов пен Білім және ғылым министрінің орынбасары М. Әбеновтер баяндама жасайтын болады. Сонымен қатар, депутаттар «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының және Қазақстандағы күзетшілер қауымдастығы өкілдерінің де баяндамасын тыңдайды, «Ар» мен «Құқық», Орталық Азиядағы «Penal Reform International» секілді қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйлейді.
15:34, 28 Мамыр 2013
Мәжілісте жарақаттайтын қару-жарақты заңнамалық реттеу мәселелері талқыланады
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - 29 мамырда Мәжілісте палата спикерінің қатысуымен «Жарақаттайтын қару: заңнамалық реттеу мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді. Жиынды Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырмақ. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.