«Электоралды кезеңде «Нұр Отан» партиясы басқа да саяси партиялармен, кәсіподақтармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморандум сынды тетікті пайдалануы қажет», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы өз сөзінде осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар халық алдында, мемлекет алдында зор жауапкершілікті сезінетіндігіне сенім білдірді.
Сонымен қатар өзінің президент ретінде Мәжілістің жаңа құрамына сайланатын саяси күштердің барлығымен жұмыс істейтіндігін баса айтқан Елбасы: «Барлық парламенттік партиялар Қазақстанның ұлттық мүдесін ғана басшылыққа ала отырып жемісті жұмыс істейтіндігіне сенімдімін. Бұл біздің халқымызға, біздің қарқынды елімізге қажет», - деді.