Медеудегі алапат өрттің шығуына адам факторы себеп болуы мүмкін
Айтуынша, оқиға орнында департамент анықтаушылары жұмыс істеген.
Куәгерлердің сөзінше, олар таудан төмен қарай жүгіріп келе жатқан адамдарды көрген, содан кейін шыршалар өртене бастаған.
Күдіктілерді анықтауға арналған барлық материалдар Медеу ауданының полициясына тапсырылды.
Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.
Зертхананың алдын ала қорытындысы бойынша, өрттің шығу себебі - ашық от ошағы.
«Горельник тауының бұл бөлігі туристерге қатты ұнайды, ол жерге келушілер өте көп. Өрттің шығуына адам факторы себеп болуы мүмкін. Біздің анықтаушылар сол жерге барып, келушілер орталығындағы дәмханада болған респонденттердің айтуынша, еңіс жақтан біреудің жүгіріп келе жатқан, содан кейін шыршалар отқа оранған. Осы деректерді негізге ала отырып, материалдар полицияға жолданды», - деді Самат.Асаинов.
Еске салайық, 7 мамыр түнгі сағат 23.00 шамасында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында өрт шыққан болатын.
Жалынмен күреске өрт сөндірушілер, бірнеше техника мен тікұшақ жұмылдырылған.
Тұтанған отпен күрес кезінде өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков мерт болды.
Кейін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкер Арслан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге өтемақы берілетінін айтты.