деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның аймаққа келудегі негізгі мақсаты, Қ.Ермекбаевтың айтуынша, аккредитация институтын енгізуге облыс медицина ұйымдарының даярлығын тексеру, облыстағы барлық медицина мекемелерінің басшылары үшін оқу семинар-кеңесін өткізу. «Аккредитациялауды өткізуге біздер тамыздың 1-інде кірісеміз, - деді Қанат Ермекбаев. - Медицина мекемелерін аккредитациялау, біздің пікірімізше, халықтың оларға деген сенімін арттырады, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға кепілдік береді, жоспарлы бақылау тексерулерінің санын қысқартады».