Медведев Кремльдегі Белгісіз жауынгер қабірінің мәртебесін өзгертті

АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - Белгісіз жауынгер қабірі - Александров бағындағы Кремль қабырғасында орналасқан ескерткіш жалпыұлттық жауынгерлік даңқ мемориалына айналды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев тиісті жарлыққа қарашаның 18-інде қол қойды.

Мемориал елдегі мәдени мұраның айрықша бағалы нысандарының тізіміне енгізілетін болады.