Бұл оқиға сәрсенбі күні Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатындағы түрмелердің бірінде болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Барлық құрбандар - колонияда қамауға отырғандар. Төбелес таңертеңгілік тамақтану кезінде, түрмеде отырған наркокартельдің бірінің мүшелері бәсекелес топпен керісіп қалудың нәтижесінде басталады. Оқиға кезінде түрмеде барлығы 2 мың 25 тұтқын болған. Колония күзетшілер арнайы операция жүргізіп, тәртіпсіздікті күшпен басуға мәжбүр болды.