ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала аудандық сотының 12 қазан күнгі қаулысымен Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Жуалыой елді мекенінің В. деген тұрғыны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 436-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, пневматикалық қаруы тәркіленіп, 10 АЕК көлемінде 19820 теңге айыппұл салынды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат мектеп ауласында оқ атқан.
Сот талқысында ол кінәсін мойындап, пневматикалық қаруды Орал қаласында сатып алып, бірақ құжат жүзінде рәсімдемегенін мәлімдеген.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).