Олимпиада 2 турда өткізілді; 1-шісі - сырттан өткізілді, онда оқушыларға мектеп бағдарамасы бойынша күрделілігі үш деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды; ІІ турда алғашқы турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар Астанаға шақырылды.
І турдың қорытындысы бойынша 528 қатысушының ішінен І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен 101 мектеп оқушысы марапатталды, 39-ы екінші турға өтті.
ІІ турдың қорытындылары бойынша І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Абылай Теміров, ІІ дәрежелі дипломдармен - Семей қаласындағы №43 орта мектептің 11 сынып оқушысы Дина Балтабаева және Астана қаласындағы Тұңғыш Президент зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аружан Қайсартегі, ІІІ дәрежелі дипломдармен Тараз қаласындағы №3 дарынды балалар мектебінің 11 сынып оқушысы Әйгерім Шойтасова, Қарағанды облысындағы Қазыбек би ауданының №1 гимназиясының 8 сынып оқушысы Дарья Пичугина және Кентау қаласындағы №24 орта мектептің 11 сынып оқушысы Майра Оспанова марапатталды.
«Ең таңдаулы эссе» аталымында Павлодар қаласындағы №8 мектеп-лицейдің оқушысы Нұрсұлтан Тарғынов таңдаулы деп танылып, оған грамота тапсырылды.