деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Меніңше, «Балапан» бағдарламасына сәйкес, біздің балаларымыз 1-4-ші сыныптарда тек қазақ тілінде ғана оқулары тиіс. Ал 4-ші сыныптан кейін олар үштілдік бағдарлама бойынша өз білімдерін жалғастырулары қажет. Сонда барлық этностың балалары бірге отырса, ең бірінші, олардың достығы нығаяды. Қазіргі кезде бізде орыс және қазақ тілді деген ұғым бар. Егер біз оларды бір мектепте, бір тілде оқытатын болсақ, 20-30 жылдан кейін бүгінгі екітілді психология болмайды. Біздің жастар үш тілді меңгерген азамат болып шыға келеді», - дейді Ғ.Есім.