Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған ақпарат жедел басқару орталығына бүгін кешкі сағат 17: 25 минутта келіп түсті. Әуезов ауданындағы орта мектептердің бірінде 6-сынып оқушысы – 2009 жылы туған К.есімді бала үзіліс кезінде жеке қорғанысқа арналған шағын баллоннан бұрышты уыт шашты. Салдарынан төрт мектеп оқушысы мен білім беру мекемесінің тазалық қызметшісі медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
19:53, 25 Қазан 2021
Мектепте баллоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті – Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 6-сынып оқушысы мектепте жеке қорғанысқа арналған баллоннан бұрышты уыт шашу салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.