— Министрлік бірлесіп төлеу тетігін қолдану арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді «орталықсыздандыруға» көшіп жатыр.
Бұл тетік ерікті түрде жүзеге асырылады және қосымша төлем тек пациенттің қалауы бойынша қарастырылады, — деді ол.
Бұл тәсіл жеке меншік дәріхана желілері арқылы да іске асырылады.
— Жоба науқастарға дәрілерді өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда 4 млн адамға дейін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, — деді вице-министр.
Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр.