— Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті, — делінген хабарламада.
Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК шешімін қолдайды. Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді.
Еске сала кетейік, Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ОПЕК бас хатшысы Хайтам аль-Гайс әлемде мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау үшін жыл сайын шамамен 700 млн доллар инвестиция қажет екенін айтқан болатын.