деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды, ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді.