Аталмыш нысан 2400 ірі қара мал басына және 3000 ірі қара бордақылау алаңына арналған «SC Food» асыл тұқымдық репродуктор болып табылады. Бүгінгі таңда кешенге шетелдік селекциялық ангус тұқымды 446 мал басы жеткізілген. Нысанда солтүстікамерикалық технология қолданылады. Яғни еркін жайылым алаңдарында мал бос, байлаусыз ұсталады. Жыл сайын өндірісте ірі қара малдың 1180 басы асыл тұқымды сатылымы жүзеге асырылып, сойлым салмағында 772 тонна ет өткізілмек.
Қазіргі кезде аталмыш өндірісте 80 жұмыс орны құрылған.