Дінбасы атап өткендей, бүгінгі кездесу Қазақстандағы Орыс православ шіркеуі Митрополит округінің құрылғанына 10 жыл толуына арналып отыр. Митрополит жақын уақытта христиан дінінің 1025 жылдығына арналып, 600-ге жуық адамның қатысуымен бүкілқазақстандық собор өтетіндігін хабарлады.
Сонымен қатар, кездесу барысында митрополит Александр Қазақстанда Орыс православ шіркеуіне қолдау көрсеткені үшін Н. Назарбаевқа алғысын айтты.