Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, «Абу Даби - Плаза» ірі бірлескен жобасын іске асыру және инвестиция тарту туралы сөз болды.
17:57, 13 Қазан 2011
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен «Абу Даби - Плаза» ірі бірлескен жобасын іске асыру және инвестиция тарту туралы сөйлесті
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Абу-Даби әмірі шейх Халифа ибн Зайд Әл-Нахайянмен кездесті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.