Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұзақ та ғибратты ғұмыр кешкен ол кісінің ұлттық театр сахнасында және кинода сомдаған айшықты бейнелерін өнерсүйер қауым қашанда қызыға тамашалап, рухани ләззат алатын. Оның қазақ өнеріндегі алатын өзгеше орны мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды деп ойлаймын», - делінген жеделхатта.