Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Дулат Исабековті қабылдады

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Дулат Исабековті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мәдениет және ұлттық әдебиет төңірегінде әңгіме болды.