«Егер қаржы игерілмесе, оны игеруге қауқарлы өңірлерге қайта жіберу керек. Бір өңір екіншісінен алда болуы тиіс. Бұл барша әлемде қалыпты жағдай»,-деп атап өтті Елбасы.
«Қаржыны толық игергенге беру керек. Егер, тиісті өзгерістер керек болса, онда Парламентке барып өзгертейік»,-деп толықтырды бүгін Ақордадағы 2012 жылдың қорытындысын саралаған Үкімет отырысында Президент.