Мемлекет басшысы «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды
16:51, 20 Қараша 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Digital Centre» орталығында Мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа «eGov mobile» мобильді қосымшасы, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілері мен Telegram мессенджері арқылы мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді.