Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев Эстония Республикасының Президентімен болған келіссөздерден кейін Кадриорг сарайында өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім етті.
«Саяси тұрғыда біздің өзара қарым-қатынасымыз қарқынды деңгейде. Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде қолдау білдіргені үшін біз Эстонияға алғыс айтамыз», - деді Президент.
Елбасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру керектігін айта келіп, бүгін қол қойылған келісімдер алдағы уақытта Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және оны қолдауға көмектеседі деген сенімін білдірді.