«Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен АЭФ-ке арнайы келген мәртебелі мейман, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесіп, беделді ұйым мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасқан едік», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, 16-17 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында XII Астана экономикалық форумы болды.