Мемлекет басшысы «Магистральді құбыр туралы» ҚР Заңына қол қойды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы магистральді құбырды пайдалануға беруде қауіпсіздік, тиімді әрі сенімді қамтамасыз етуге, елдің экологиялық, энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға, қайтадан құрылып жатқан магистральді құбырлар жобасына мемлекеттің құқығын бекітуге, сондай-ақ осы салада заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Магистральді құбыр туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР  Президентінің  баспасөз қызметі хабарлады.

 Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.