А.Жұмағалиев Президентке отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.
Кездесудің барысында, сондай-ақ Қазақстанда сандық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.
- Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды, - деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.