Мемлекет басшысы павлодарлық кардиологиялық орталықтың маңында орналасқан үйлердің тұрғындарымен кездесті

ПАВЛОДАР. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодардағы жаңа кардиохирургиялық орталыққа барғаннан кейін оның қасында орналасқан үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен кездесу барысында Ұлт Көшбасшысы Павлодарда соңғы жылдары қалалықтар мен облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін көп істердің жасалғанын атап өтті.

«Осындай емханалар салынуда - барлығы халықтың денсаулығын сақтап қалу үшін жасалуда, бұрын Қазақстанда ондай болған емес. Қазір мен жаңа үлкен зауытта болдым... Павлодарда көптеген жұмыстар атқарылуда. Кездескендеріңіз үшін рахмет, бақытты болыңыздар», - деді жиналғандарға қарата айтқан сөзінде Мемлекет басшысы.