Мемлекет басшысы Ресей сыртқы барлау қызметінің директорын қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей сыртқы барлау қызметінің директоры Михаил Фрадковты қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде ақпарат алмасу саласындағы екі ел ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.