Бүгін өзінің жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттің шет жағында, бұрынғы фосфор зауытының аумағында салынған «Индустриялық аймақ құру» инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Инвестициялық жоба 2010 жылдан бері ҮИИД бағдарламасы аясында, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бөлген қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылып келеді. Инвестициялық жобаға 2012 жылға дейін 4 млрд. теңге бөлінген, қазіргі таңда бұл қаражаттың 2,2 млрд. теңгесі игерілді.
337 гектар аумақта жалпы құны 5,8 млрд. болатын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, сол арқылы екі мың жаңа жұмыс орны ашылған.
Елбасы «Арт-Құрылыс» ЖШС мен «Ferrum-Vtor» ЖШС-да болып, оладың жұмыс барысымен танысты.
«Арт-Құрылыс» ЖШС жобасының құны құны 900 млн. теңге, кәсіпорын құрылыс, мелиорация, газ және су жеткізу салаларында сұранысқа ие темірбетон өнімдерін шығарады.
«Ferrum-Vtor» серіктестігі шыны және силикат кесектерін шығарады. Кәсіпорын жылына 6 мың тонна сұйық шыны және 3 мың тонна силикат кесектерін шығара алады. Бұл өнім металлургия, химия, құрылыс және энергетика сияқты салаларда сұранысқа ие.
Жобаның құны 75 млн. теңге, кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді.