АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат/Руслан Ғаббасов/ - Елбасы бүгін Қазақстан халқына арналған Жолдауында Үкімет пен әкімдерге бірлесіп өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
«Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады. Үкімет әкімдермен бірлесіп өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеп, бекітуі тиіс. Осының барлығы есептеліп, зерделеніп жасалған жоспарлар», - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.
«Біз әлі жолдың басындамыз. Егер де біз дәулетті өмір сүргіміз келсе, осы ұсыныс-міндеттерді орындауға тиістіміз», - деді Елбасы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.