Бұның ішінде Елбасы мал шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударуды жүктеді.
«Жолдауда айтылған өңдеу өнеркәсібін екі есеге арттыру туралы міндетті қалай орындаймыз? Тек қана өңдеу саласын дамыту арқылы осыған қол жеткізуге болады. Бүгінгі күні бизнес өкілдеріне ауылға барған маңызды. Өйткені онда нарық бар. Сондықтан да осы мәселеге баса назар аударылса игі», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент мемлекет тарапынан бөлінетін кредиттердің басым бөлігін ауыл шаруашылығына шоғырландыру керектігін айтып, осы саладағы бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беру қажеттігін көтерді.