Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алдын ала қорытындыларын шығаратыны, сондай-ақ алдағы уақытқа жаңа міндеттерді белгілейтіні жоспарлануда», - деп атап өтті А.Әбибуллаев.
Жалпыұлттық телекөпірдің аясында сондай-ақ, «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» атты жыл сайынғы байқауларының лауреаттарын марапаттау рәсімі жоспарланып отыр. Байқаулардың жоғары жүлделері - «Парыз» гран-приін және екі «Алтын сапа» арнайы сыйақысын Президенттің өзі тапсырады.