Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
15:05, 08 Қараша 2010
Мемлекет басшысының Жарлығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Түрікменстанның Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.