Бұл туралы бүгін Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне байланысты өткен мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Сот әкімшілігі комитеті және онымен байланысты қызметтер Әділет министрлігінің құзырына беріледі. Ал соттарды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етуді және сот приставтарының қызметін басқаруды жаңадан құрылатын департамент атқарады.