«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы ғасырдың ортасына дейін (2050 жылға дейін) Қазақстанның даму бағытын айқындайтын бағдарламалық құжатты жариялады. Ұлт көшбасшысы бұған дейінгі «Қазақстан-2030» даму бағдарламасын 15 жыл бұрын жариялаған еді. Осы уақыт аралығында стратегиялық құжаттың көптеген тараулары орындалды, қалғандарын іске асырудың жолдары айқындалды. Президенттің бұл жолдауы да әрбір қазақстандық үшін болашаққа жетелейтін маңызды құжат болды»,- деді Қ. Оспанов.
Оның пайымынша, жаңа стратегияда болашаққа деген барлық міндеттер айқындалған.
«Біздің депутаттық корпус өзінің қызметінде әрдайым басты бағдарламалық құжаттар мен заңнамаға жүгінеді. Ендігіде біздің бағытымыз жаңа ұсыныстармен және тың идеялармен толықты», - деп атап өтті қалалық мәслихаттың депутаты.