«СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Ақтөбе облысының кедендік бақылау департаменті» ММ-не талап арыздары бойынша азаматтық істер бойынша Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының қаулыларына Бас прокурордың екі наразылығы қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қарау нәтижесінде Бас прокурордың наразылықтары толық көлемінде қанағаттандырылып, мемлекет пайдасына 12 млрд. тенгеге жуық қаржы өндірілетін болды.