Мемлекетке 8,3 миллионнан астам теңге залал келтірген жалған кәсіпорынның күші жойылды - БҚО

ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасының талап-шағымына сәйкес БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Бор-А» ЖШС-інің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған серіктестік директоры А.Ибраев 2004-2006 жылдары 8,3 миллионнан астам теңгеге салық төлеуден жалтарған. Аталған факті бойынша Орал қалалық сотының үкімімен А.Ибраев 2008 жылы үш жылға сотталған болатын.