Инспектор партияның жергілікті өкілдерімен бірге №2 клиникалық-диагностикалық емханада, №9 мектеп-гимназияда, №23 мектепте болып, мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді.
- Партиялық бақылау комитеті «Жол картасы», «Таза су», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының әлеуметтік маңызды нысандарындағы партиялық бақылау бекеттеріне тексерістер жүргізуде. Аталмыш құрылған бекеттердің басты мақсаты - бюджеттік қаржының мақсатты пайдалануына және жұмыс сапасына бақылау жасау. Бекеттердің жұмысы қажетті деңгейде жүзеге асырылуда, менде ешқандай наразылық жоқ, - деп атап өтті Айгүл Үмбетова.
№2 клиникалық-диагностикалық емхананың бас дәрігері Ерлан Тәтімовтың айтуынша, емханада құрылған партиялық бақылау бекеті - емделушілер мен дәрігерлер арасында байланыстың бірден-бір құралы іспеттес, осының арқасында олар өз ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын айта алады.
Екі күн ішінде инспектор «Ақтөберентген» АҚ, облыстық көпбағытты аурухана құрылысында және Алға ауданында да болды.