«11 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бюджеттің барлық деңгейлеріндегі кірістер өсімінің жоғары қарқынымен белгіленді. Қазірдің өзінде мемлекеттік бюджетке өткен жылдың жылдық көлемінің деңгейінде кірістер түсті. Мемлекеттік бюджет шығыстарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге артық төленді. Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап нақтыланған бюджеттің іс-шараларын орындау мониторингісі жұмысын атқарды. Апта сайын бюджет қаражатын игеру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен селекторлық кеңестер өткізілді. Осы іс-шаралардың арқасында өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда игеру қарқыны анағұрлым жақсы», - деп атап өтті министр.
Оның деректеріне сәйкес, мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн. теңге сомасында кірістер (трансферттерді қоспағанда) түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша 255 млрд. теңгені және жергілікті бюджет бойынша 141 млрд. теңгені құрады.
«Ағымдағы жылдың 11 айында өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 31,8 (1 398 млрд. теңгеге), республикалық бюджеттің кірістері 41,1 (1 195 млрд. теңгеге) және жергілікті бюджеттің кірістері 13,6 пайызға (203 млрд. теңгеге) өсті. Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 107,3, республикалық бюджеттікі 106,6 және жергілікті бюджеттікі 109,1 пайызға атқарылды», - деді Сұлтанов.
Министрдің сөзіне қарағанда, жылдың қорытындысы бойынша шамамен 250-300 млрд. теңгеге салық түсімдерін айтарлықтай асыра орындау күтілуде.
«Мұның өзі бізге Ұлттық қордан кепiлдендірiлген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, кірістер 100 пайыздан шамалы ғана көбірек атқарылатын болады», деді ол.