«Дәстүрлі мемлекеттік басқару жеке меншікпен салыстырғанда тиімдірігі төменірек деп саналды. Мұны біз Кеңес одағының «командалық басқаруы» ыдырағаннан кейін өз басымыздан өткердік. Мен кеңестік кезеңдік жүйеде жұмыс істей жүріп, «социализмді түзете отырып, алға қарай жүре беруге болады» дегенге саятын Горбачев реформасын сынағандардың бірі болатынмын. Тіпті оның «Социализм - адами келбетпен» деген сөзі де бар еді. Мұны ешкім де түсінген емес, бұны негізінен ол экономикаға жақындастырып айтқысы келген де шығар. Бірақ, мемлекеттік компания корпоративтік нарықтық қағидаттарға сүйене отырып жұмыс істесе, онда проблемаларды табысты шешуге болатын еді. Осыны ескерген жоқ», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Президент аталған мәселенің жарқын мысалы ретінде шығыстағы көршілес Қытайдың мемлекеттік компанияларын атап өтті. «Бір кездері Горбачевтың қайта құрулары бір орында табандап тұрып, оның ешқандай да жетістігі болмайтыны аңғарыла бастағанда, оның жанындағы жақын адамдардың бірі болатынмын, маған көп кеңестер беріп, ұзақ түсіндіруге тура келді. Мен «ақыры ешқандай бағдарлама мен стратегия болмаса, Қытайға қаралық» деп кеңес бердім. Өйткені, Қытайда тура сол кездегі Кеңес одағындағыдай мемлекеттік құрылым болатын, басшылық күш коммунистік партияның қолында болды. Бұл партия тәртіптің нағыз қаңқасы (каркасы) іспеттес еді. Осы арқылы Орталық комитеттің қаулысымен-ақ Компартияға нарықтық реформа жүргізуге бұйырса, ол жүргізілетін еді. Тәртіп сондай болатын. Бұған ол (Горбачев-авт.) көнбеді, Қытай деген біз үшін кім дегендей болды. Ал шындығында, дәл сол Қытайда жүргізілген реформалар жақсы нәтиже берген болатын», - деді Н. Назарбаев.