«Бедеулікті емдеу саласына мемлекеттік қолдау тұрақты түрде көрсетіледі. Бедеулікті емдеу үшін диагностикалау, консервативті әрі жедел емдеу - мұның барлығы квтота арқылы тегін жасалады. Бірақ, экстрокорпоральды ұрықтандыру өте жоғары репордуктивті технология саналады. Оның шығыны жоғары болғандықтан 2010 жылдан бері квота бөлініп келеді. Алайда, мемлекет қаражатымен барлық қажеттілікті жабу мүмкін емес. Сонда да мемлекет 2010 жылы 100 квота бөлген болатын. Ал бүгінде квота саны 9 есе артып, ағымдағы жылы 900-ге жетті», - деді Салтанат Байқошқарова.
Оның сөзіне қарағанда, әрбір квотаға шамамен 700 мың теңге бөлінеді. Дегенмен, бүгінгі күні бұл қаражат жеткіліксіз болып отыр.
«Аталған соманың жартысы дәрі-дәрмекке кетеді. Бұл қаражат технологияға жетпейді. Өйткені, 8 жылдың ішінде әлемде технология өзгеріп кеткен. Негізінен креоконсервация, сегментация циклі жүргізіледі. Яғни, бір циклде алынған жұмыртқа жасушасын бөлу, бір-екі немесе 1 айдан кейін ұрықтарды ауыстыру қажет. Ал оған қосымша қаражат керек. Сондықтан қазір бөлінетін қаражатты қайта қарастырған жөн», - деді ол.